Павлодар облысында мамандандырылған ауданаралық сот құрылды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда қылмыстық істер бойынша үшқұрамды мамандандырылған ауданаралық сот құрылды,
None
None

деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Бұл сот «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Азаматтық кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы бойынша құрылып отыр. Жаңа ауданаралық соттар аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарайтын, оның ішінде алқабилер сотының қатысуымен қарайтын бірінші сатыдағы сот ретінде жұмыс істейтін болады. Павлодарда алқабилер сотына кандидаттардың тізімі жасалып отыр, онда 50 мың адам бар.

Соңғы жаңалықтар