Павлодар облысында меценаттар жетім балаларға үш миллион теңгеге сыйлық жасады

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Жанна Шәріпжанова мәлім етті.
- Сыйлықтардың ішінде балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған ойыншықтар,компьютерлік техника, кеңсе құралдары, спорттық құрал-жабдықтар бар. Саясат, ғылым, мәдениет, өнер, спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген өңірдің құрметті азаматтары, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Жас өрендер де осындай қамқорлыққа бөлеген жандарға өз қолдарымен жасап, игі тілектерін жазған ризашылық гүлдерін сыйға тартты. Сондай-ақ мереке аясында мұражайлар мен театрларға, көрме залдарына, кітапханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалардың ешқайсысы назардан тыс қалмады, - дейді Жанна Шәріпжанова. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда өңірдегі жетім және ата-ананың қамқорлығынан айырылған балаларға арналған 15 ұйымды 600-ден астам тәрбиеленуші паналауда.