08:01, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар облысында мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасына жаңа бастық тағайындалды
ПАВЛОДАР. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасына бастық болып Қанат Қашкиров тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қ. Қашкиров 1973 жылы Павлодар облысында туған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін осы басқармада мониторинг және құрылысты талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.