11:51, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Павлодар облысында мың жарымнан астам адам кәсіптік даярлықтан өтуде
ПАВЛОДАР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында «Жол картасы» бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесін және кадрлар даярлауды ұйымдастыруға биылғы жылы 456 млн. теңге бөлінді.
Бір жарым мыңнан астам адам еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарды алу үшін кәсіптік даярлықтан өтуге жіберілді. Қазірдің өзінде 305 жұмыссыз адам оқытудан өтіп, Жол картасы нысандарында іске кірісті, 1225-і кәсіптік даярлықтан өтуді жалғастыруда. Олардың жартысы шілде айында мамандықтары бойынша емтихан тапсырып, әлеуметтік нысандарды жөндеуге кіріседі.
Әлеуметтік орындар мен жастар тәжірибесіне 1346 адам жіберілді.