13:33, 16 Ақпан 2023 | GMT +5
Павлодар облысында оқушы бұрыш спрейін шашып, 310 адам мектептен эвакуацияланды
АҚСУ. ҚазАқпарат – Павлодар облысында оқушы мектепте бұрыш спрейін шашып, 310 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Бүгін, 16 ақпан күні Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебіндегі санитарлық бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру түседі.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде спрейді осы мектептің 9-сынып оқушысы шашқаны анықталды.
Аталған факт бойынша жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ