13:13, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
Павлодар облысында орман ағаштарын шауып тастаған браконьерлер 2 млн. теңге шығын келтірді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бесқарағай орман шаруашылығының 154-155 орамында Лебяжі аудандық ІІБ қызметкерлері 24-44 жас аралығындағы жеті ауыл тұрғынын ұстады.
Браконьерлер бригадасы техниканың көмегімен ағаштарды заңсыз кесумен айналысқан, деп хабарлады Павлодар облысының баспасөз қызметінен. Полицейлер олардан «КУН» механизмі бар екі «МТЗ-82» тракторын, мемлекеттік нөмірі болмаған «УАЗ» көлігі мен үш «Дружба» бензопиласын тәркіледі. Орман шаруашылығына келтірілген залал 2 млн. теңгеден асты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 340-бабы 3-бөлімінің 3,4 тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды.