Павлодар облысында педофил әке ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында туған қызын бірнеше жыл бойы жәбірлеген педофил әке тұтқындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Павлодар облыстық ІІД-нің өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Ресми сауалға Павлодар облыстық прокуратурасы жауап беріп, ақпарат ұсынды. Құзырлы мекеме ресми хабарламада Екібастұз қаласының тұрғыны жолдасының әрекетіне құқыққорғау органдарына шағым түсіргені туралы хабарлайды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарына қатысты өзге мәліметтер айтылмаған. Дереккөздеріміздің ақпаратына сүйенсек, күдікті азамат әйелі жұмыста болған кезде қызын бірнеше жыл бойы жәбірлеп келген. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жалғасын табуда. Айта кетейік, облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың 10 айында 10 педофилге қатысты үкім шығарылған. Қылмыскерлер 15 жылдан 24 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылған.

Соңғы жаңалықтар