Павлодар облысында полиция қызметкерлері көлік айдап әкетудің 66 оқиғасын тіркеді

ПАВЛОДАР. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жыл басынан бері 66 көлік айдап кету оқиғасы тіркелді, олардың 39-ы әшкере болды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Соңғы күндері бес көлік айдап кету оқиғасы тіркелді, олардың төртеуінің ізі суымай ашылды.

Павлодар мекемелерінің біріне тиесілі «Шкода Октавиа» көлігін үйдің ауласынан белгісіз біреулер ұрлап кеткені жайлы ақпарат 9 сәуірде, сағат таңғы 9-да келіп түсті.

Ұрыны құрықтау үшін шұғыл «Тосқауыл» жоспары құрылды. Көп ұзамай жол-патрульді полиция арнайы батальонының қызметкері Мақсат Құстанов айдап әкетілген көлікті байқап қалып, ізіне түсті. Көлік ішіндегі 27 жастағы екі павлодарлықтың екеуі де бұған дейін қарақшылық әрекеті үшін сотталған болып шықты.

Соңғы жаңалықтар