01:38, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
Павлодар облысында полиция қызметкерлерін балағаттаған медбикеге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты аудандық ІІБ ғимаратында полиция қызметкерлерін себепсіз балағаттаған Шалдай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының медбикесіне қатысты әкімшілік іс қаралды.
Бұл туралы Павлодар облысы сотының сайтында хабарланды.
«Сот оны ҚР ӘҚБК-нің 355 бабы 2 бөлігі бойынша айыпты деп танып, мемлекет пайдасына 1 айлық есептік көрсеткіш 1852 теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындады», - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енді.