16:06, 26 Ақпан 2019 | GMT +5
Павлодар облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Шарбақты ауданында теміржол құрамының жүк көлігін соғуынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шарбақтыдағы жол-көлік оқиғасы 9.20-да болды. Жедел жәрдем үш минутта - 9.23-те барды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Оның айтуынша, теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан.
«Зардап шегуші - 1975 жылы туған Шарбақты тұрғыны. Ол «Шығыс жолдары» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейді. Диагнозы: көкірек қуысы жарақаты, жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы», - деді Эльмира Темірғалиева.
Ол Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Автор: Антон Гагарин