09:10, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодар облысында сәбилердің дүниеге келуі төмендеп кетті - статистика
ПАВЛОДАР. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында төрт ай ішінде дүниеге келген 4088 нәресте тіркелген, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайызға аз,

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз орталығы. Қалада сәбилердің саны 7,6 пайызға кемісе, ауылдарда бұл көрсеткіш 0,5 пайызға өскен.
Осы уақыт ішінде қайтыс болғандардың саны 2 779 адамға жетіп, былтырғы жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 4,4 пайызға артты. Адам өлімі қалалы жерлерде - 5,4 пайызға, елді мекендерде 2,6 пайызға көбейген.
АХАЖ органдарында некеге тұрғандар саны төрт ай ішінде 0,2 пайызға төмендеп, 1 631 жас отау құрған. Отбасылардың ажырасуы бойынша 898 жағдай тіркеліп, бұл көрсеткіш 5,6 пайызға артқан.
Павлодар облысындағы халық саны 751,6 мың адамды құраған, оның 66,8 пайызы қалалық жерлерде тұрады.