18:07, 25 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Павлодар облысында шағын автобус жолдан ұшып кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қатты көктайғақ салдарынан Ақсу қаласында микроавтобус жолдан ұшып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оқиға шұғыл бұрылыста, қаланың ішінде болған, автобуста жүргізушіден басқа адам болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ, көлік те көп аса қирамаған», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің өкілі Алма Мұсабаева.