Павлодар облысында шағын қалалар маңындағы ауылдарда суармалы массив үшін қажетті инфрақұрылым салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімдігінде аймақта суармалы жерлерді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

16 қаңтарда Павлодар облысының әкімдігінде ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қатысуымен қазіргі су проблемалары мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Онда Павлодар өңірінің суармалы егіншілігін одан әрі дамыту перспективалары сөз болды.

Павлодар облысында суармалы егіншілікті дамыту шеңберінде 2018 жылға қарай 52 мың гектарға дейін суландыру алаңын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Бүгінгі күні облыс аумағындағы суармалы жерлер 33,6 мың га (64%) құрайды. Үш жыл ішінде 16 мың га суармалы жер іске қосылды, оның ішінде өткен жылы - 6,1 мың гектар.

- Жыл сайын жаңа суармалы жерлерді қосу жеке инвестициялар мен мемлекеттік бағдарламалар есебінен мүмкін болды, - деп атап өтті облыс әкімі Қ.Бозымбаев.

Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде 3 жыл ішінде 9 инвестиция жобасы үшін өндірістік инфрақұрылым құрылысына 3,9 млрд. теңге бөлінген. Мұндай қолдау кәсіпкерлердің суармалы жерлерді игеруге деген белсенділігін арттырды. Сонымен бірге «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарында суармалы массив үшін қажетті инфрақұрылымды салу жоспарлануда.

Сондай-ақ Су ресурстарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша суландыру нысандарын салу мен қайта жабдықтау мүмкіндігі бар. Облыс әкімдігі өңірде 3,0 млрд. теңге сомаға мемлекеттік сараптамадан өткен, жалпы алаңы 1924 га болатын дайын бес жобаның барын ескере отырып, Су ресурстары комитетіне осы бағдарлама аясында суармалы егін шаруашылығы жобаларын іске асыру мәселелерін бірлесіп қарауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар