12:43, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодар облысында «сібір жарасы» диагнозы қойылған үш адам ауруханадан шықты
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «сібір жарасы» диагнозы қойылған үш адам ауруханадан шықты,

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, маусымның 19-ы күні Ақсу ауданы Ребровка және Қаракөл ауылдарының бірнеше тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен болатын. Келесі күні олардың бірі көз жұмды.
ТЖМ атап өткеніндей, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында «сібір жарасы» диагнозы бойынша тағы бір адам жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп отыр.