Павлодар облысында сібір жарасын жұқтырған малдың етін пайдаланған 90-нан астам адам бақылауға алынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында сібір жарасын жұқтырған малдың етін пайдаланған адамдардың саны 95 адамға дейін ұлғайды. Бұл туралы БАҚ-қа денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов хабарлады.
None
None

Бұрын хабарланғандай, Ертіс ауданы Ұзынсу ауылының екі тұрғыны 8 маусымда сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен облыстық инфекциялық ауруханаға түсті.  Белгілі болғандай, екі науқас та ірі қара малын союға қатысқан. Мал ветеринарлық куәландырусыз сойылған.  Бұл ірі қараның 100 келіден астам еті «Майра» дәмханасына жөнелтілді.

10 маусымда Астанадағы Ұлттық ветеринария бойынша референция орталығындағы сараптама нәтижесінде етте түйнеме  бацилласы болғаны анықталды. Сәйкесінше, адамдардың да бұл ауруды жұқтырғаны расталды.  Қазір олардың саны - үшеу. Біреуі жан сақтау бөлімінде, екеуі аурухана палатаралында. Барлығының жағдайы тұрақты.

Аулаларды аралаған дәрігерлер алдымен 25 адамды бақылауға алған, бірнеше күннен кейін олардың саны 42, қазір 95-ке жетті. Дәрігерлердің хабарлауынша, 24 адам Ертіс аудандық ауруханасында  медициналық бақылауда, қалғандары үйлерінде. 

Соңғы жаңалықтар