Павлодар облысында тасжолдардың жабылуы салдарынан 200-ден астам адам кептелісте қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Шідерті кентіне жақын маңда тасжолдардың жабылуы салдарынан 204 адам мінген 61 көлік кептелісте қалып қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

nullnullnull
Қарағанды және Ақмола облыстарындағы жолдардың жабылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» және «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолында Шідерті кентінің маңындағы «Рубеж» бақылау бекетінде 61 техника: үш жолаушылар автобусы, 55 жүк автомобилі, үш жеңіл машина кептелісте тұрып қалған.
nullnullnull 

«Көліктерде 204 адам, соның ішінде төрт бала болған. 22 адам Павлодар-Қарағанды бағытындағы жолаушылар пойызымен жіберілді», деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

Екібастұз  төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жолда қалып қойған адамдарды «Кемпинг» кешенінің аумағындағы жылыту орнына орналастырды. Тағы 42 адам Шідерті кентіндегі орта мектепке, 22 адам - Қ.Сәтпаев атындағы емдеу-сауықтыру орнына жеткізілді. Оларға ыстық тамақтар берілуде.

Медициналық көмек көрсету үшін кезекшілікке «Шідерті» медициналық-құтқару бекетінің жол бригадасы жұмылдырылды.
nullnull 

 

Соңғы жаңалықтар