Павлодар облысында Тәуелсіздік күні мерекесінде үш мың полиция жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінде павлодарлық полицейлер күшейтілген тәртіпте қызмет атқаратын болады.

 Павлодар облысында Тәуелсіздік күні мерекесінде үш мың полиция жұмыс істейді

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Алма Мұсабекова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық орындарда мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әртүрлі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады», - деп атап өтті ол. «Облыс бойынша шамамен үш мыңдай полиция қызметкері көшеге шығады. Бұдан басқа, тәртіп сақшылары барлық аудандардағы көңіл көтеру және халықтың жаппай демалу орындары мен облыс аумағындағы жолдарды белсенді түрде күзететін болады».