Павлодар облысында тоғыз айда негізгі капиталға 148 млрд. теңге инвестиция салынды

ВЛОДАР. 18 қараша. ҚазАқпарат Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында осы жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар 148,9 млрд. теңгені құрады - бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайыз, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Қаржыландыру көздерінің арасында инвесторлардың өз қаражаттары жалпы көлемнің 67,2 пайызын құрады. Заемдық қаражаттар үлесі - 17,6, бюджеттік салымдар - 10,3, шетелдік инвестициялар - 4,9 пайыз.

Инвестициялардың технологиялық құрылымында машиналар, жабдықтар, құралдар мен мүліктер - 55,1 пайыз, құрылыс жұмыстары және ғимараттарды күрделі жөндеу - 36,6 пайыз, басқа шығындар - 8,3 пайыз. Инвестициялардың республикалық көлемінде облыстың үлесі - төрт пайыз.

Соңғы жаңалықтар