09:45, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодар облысында топырақ өңдеуде заманауи технологиялар қолданылды
ВЛОДАР. 21 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында соңғы мәліметтер бойынша, 460 мың тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғыдан 77 пайызға көп, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.
Орташа түсім әр гектардан 8,8 центнерден келді, бидайдан - 9 центнерден өнім жиналды. Диқандардың жақсы өнім алуына ауа райы ғана емес, жер жыртудың заманауи технологияларын қолдану да едәуір жәрдемдесті. Биылғы жылы 339 мың гектар астық және майлы дақылдар егуде ылғал сақтайтын технологиялар пайдаланылды, бұл барлық егіс көлемінің 41 пайызын құрайды.
Аймақта жұмсақ бидайдың 13 сорты қолданылды, оның тоғызы қазақстандық селекция сорттары. Павлодар ғылыми зерттеу инстиутында бидайдың «Секе», «Ертіс-97» ж"не «Павлодарлық-93» жаңа жаздық сорттары шығарылды.