Павлодар облысында төрт гастарбайтер химиялық тұзға уланып қалды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Жедел жәрдем» көлігі Ақсу ауруханасына «улану» диагнозымен Өзбекстанның төрт азаматын жеткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оларға шұғыл көмек көрсетілді, бірақ реанимациялық бөлімнен терапевтік бөлімге ауыстырылғаннан кейін емделушілер ауруханадан кетіп қалған. Тергеу олардың түскі үзіліс кезінде тамаққа ас тұзының орнына құрылыс басында «Тұз» деген жазуы бар қаптан алған «Стироль» химиялық тұзын пайдаланғанын анықтап отыр. Өзбекстан азаматтары Қазақстанның аумағына өткен жылы көктемде келіп, Павлодардың Оңтүстік ішкі істер бөлімінде тіркеледі. Тамыз айында олар Астанаға барып, коттедж салады. Миграциялық карталарын олар елордада тіркелу үшін бригадирлеріне береді. Бірақ желтоқсан айына дейін оларға жалақы да берілмеген және құжаттары да қайтарылмаған. Содан кейін олар Ақсудағы жерлестеріне қайта оралып, балабақша құрылысында жұмыс істеген. Миграциялық полиция шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдаудың ретін бұзған жұмыс берушіні жауапқа тартып отыр. Өзбекстандық қонақтар болса әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Соңғы жаңалықтар