Павлодар облысында төрт күнде 7 адам суға батып кеткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 70 жастағы зейнеткер каналға, ал екібастұздық жас жігіт Торайғыр көліне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Тек 3 шілдеден 7 шілдеге дейінгі аралықта облыста су айдындарында жеті қайғылы жағдай тіркелді», – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

4 шілдеде сағат 14.00-де 70 жастағы зейнеткер шомылу кезінде каналға батып кетті.

Сол күні сағат 17.40-та Белая өзенінде 38 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны шомылып жүріп суға батып кетті, деп атап өтті полиция.

«Баянауыл ауданында Торайғыр көліне Екібастұз қаласының 24 жастағы тұрғыны шомылу кезінде суға батып кетті. Барлық жағдайдың куәгерлері бар», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар