Павлодар облысында «Туберкулезді тоқтатайық!» айлығы өтіп жатыр

ПАВЛОДАР. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Туберкулезбен күрестің дүниежүзілік күніне арналған профилактикалық айлық өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Соңғы төрт жылда өңірде өкпе инфекциясымен ауыру көрсеткіші 20,9 пайызға төмендеп отыр, негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерде оң өзгерістер бар, деп хабарлады Салауатты өмір салтын қалыптастырудың облыстық орталығынан. Айлық барысында өткізілетін профилактикалық және ағартушылық жұмыстар халықты қауіпті бацилладан қорғаудың әдістері мен түрлері туралы кеңінен хабардар етуге мүмкіндік береді. Облыстың қалалары мен аудандарында мамандардың көшпелі семинарлары қолға алынып, дәрігерлер радио-телеарналар арқылы ақпараттар таратады. Жоғары оқу орындары мен колледждерде «Туберкулезді тоқтатайық!» деген тақырыпта жарыссөздер ұйымдастырылып, мектептерде төменгі сынып оқушылары үшін «денсаулық сабақтары» өткізілмек.
Соңғы жаңалықтар