Павлодар облысында тұрғылықты емес ұлттардың жас өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау аяқталды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысында тұрғылықты емес ұлттардың жас өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты конкурс аяқталды, деп хабарлайды Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігі.
None
None

Жасы 30-ға дейінгі мемлекеттік қызметте істейтін жас қыз-жігіттер қазақ тіліндегі білімдері бойынша, келушілермен тіл табысып, ресми іс-қағаздарды аудару бойынша байқауға түсті.

Бірінші орынды алған Наталья Канзюба мемлекеттік тілді еркін игергендігін паш етті. Ол енді облыстық конкурста аудан намысын қорғайтын болады.

Екінші орынға қазақ мақал-мәтелдерін жатқа айтып, Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқыған Наталья Веселовская ие болды. Мемлекеттік тілде жазылған іс-қағаздарды аударуда белсенділік танытқан Юлий Бурма үшінші орынды алды.

Соңғы жаңалықтар