Павлодар облысында тұрғындардың өмір ұзақтығы 71,3 жасқа дейін ұзарды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өмір ұзақтығы 71,3 жасқа дейін ұзарып, жалпы өлім-жітім көрсеткіштері тұрғындардың 1000-на шаққанда 9,94-ке дейін төмендеген.

Туберкулезге шалдығу көрсеткіші де тұрғындардың 100 мыңына шаққанда 68,9-ға дейін төмендеген. Бұл деректерді бүгін БАҚ үшін өткен брифингте «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының облыста 2011-2015 жылдары іске асырылуын қорытындылаған денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов атады.

Н.Қасымовтың айтуынша, 2011 жылдан бергі кезеңде өмір ұзақтығының 3 жылға (68,2 жылдан 71,3 жылға дейін) өскен. 2015 жылдың қорытындылары бойынша, жалпы өлім-жітім көрсеткіштерінің 2011 жылмен (11) салыстырғанда 10,5 пайызға төмендеген. 2015 жылы бұл көрсеткіш тұрғындардың 1000 адамға шаққанда 9,85-ті құраған.

Сәбилер өлімінің көрсеткіші 24,9 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар