Павлодар облысында ҰБТ-ның бірінші күніндегі үздік нәтиже - 121 балл

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеуге бірінші күні 1670 түлек қатысты. Ондағы ең үздік көрсеткіш - 121 балл.
None
None

Павлодарлық түлектердің арасында үздік нәтиже көрсеткен түлектер: Ы.Алтынсарин атындағы гимназиядан Айдос Болатов, Екібастұздың «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Темірлан Рашитов, Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің оқушысы Әнуар Қабиденов пен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен Саина Сыпатова. Айтқандай, «Жас дарын» түлектері ең жоғары орташа балл - 104,34 көрсетті.

Жалпы, Павлодар облысында орташа балл - 80,35.

«Алтын белгіден» үміткер 97 түлектің 37-сі ғана үмітті ақтады. Үздік аттестатты 43 үміткердің 14-і қуаттады.

Барлық нәтижелер апелляция есебінсіз жүргізілді, деп нақтылады білім басқармасынан. Емтихан жалғасып жатыр. 2014 жылғы ҰБТ-ның түпкілікті нәтижелері 7 маусымнан кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар