18:48, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодар облысында учаскелік инспектор қылмысты жасырмақшы болғаны үшін қатаң жаза алды
ПАВЛОДАР. 28 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кәмілеттік жасқа толмаған қызды ұрғаны үшін бұзақының үстінен қылмыстық істі қозғамау шешімін Баянауыл ауданының прокуратурасы тексерді, деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Бақылау органы келесі жайтты анықтады. Майқанин кентінінің ауруханасына жағы сынған жас қыз медициналық көмек сұрап жолыққаны мәлім болды. Жұмыс есебін құртпау үшін, полицияның учаскелік инспекторы жәбір көрген қыздың шағымын жасырып қалған.
Ауданның прокуратурасы өміріне қауіпті емес, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғады.
Тәртіпті бұзғаны үшін, Баянауыл ауданының ІІАБ-нің басшысы учаскелік инспекторге қатаң жаза жариялады.