19:23, 02 Шілде 2012 | GMT +5
Павлодар облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша инвестициялардың көлемі - 1,3 триллион теңге
ПАВЛОДАР. 2 шілде. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын «Қазақстандық электролиздік зауыты» АҚ-на барды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Мұнда таза алюминий шығару өсуде, күйдірілген анодтар технологиялық желісін іске қосуға дайындық аяқталуда. Олардың өндірісі «қанатты металдың» өз құнын елеулі түрде төмендетеді.
Павлодар облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 174 жоба іске асырылуда, инвестициялардың жалпы көлемі 1,3 триллион теңгеден асады, деп атап өтті аймақ басшысы. Жақын арадағы екі жарым жылда жаңа және қайта құрылған кәсіпорындарда 13 мың жаңа жұмыс орындары ашылады.
Бүгінде аймақ елдің Индустрияландыру картасының ширегінен астам инвестициялық жобаларын шоғырландырды.