Павлодар облысында заңсыз казино ашқандар 2,6 млрд. теңге табыс тапқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылы 22 заңсыз казиноны анықтады. Бұдан бөлек, 122 электронды казино мен 133 ойын автоматтары болған залдар жабылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл біз осы іспетті кәсіптің тағы бір көзін анықтадық. Павлодар облысында екі адам ұсталды. Олар тоғыз адамның көмегімен үш жерде заңсыз онлайн казино ашқан. Аталған топ үш жыл бойы жұмыс істеді. Бұдан олардың аса сақ болғандарын анық байқауға болады. Сол үш жылдың ішінде олар 2 миллиард 600 миллион теңгеден астам табыс тапты. Соның 392 миллиард теңгесі салық ретінде төленбей қалды», - деді комитеттің үйлестіру және даму департменті директорының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топ казинодан тапқан ақшаны ресми түрде бизнес ашу арқылы заңдастырып отырған. Мәселен, автокешендер мен сұлулық салондарын ашты. Онымен қоймай, біраз қаржыны шетелге шығарып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар