Павлодар облысында «Заңсыз келуші» іс-шарасының бірінші күнінде ҚР-да болу ережелерін бұзған 151 шетелдік азамат анықталды

ПАВЛОДАР. 16 мамыр. ҚазАқпарат - «Заңсыз келуші-2012» жедел-алдын алу шарасының бірінші тәулігінде Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзған 151 шетелдік азамат анықталды, құжаттандыру және тіркеу жүргізуде 102 бұзушылық оқиғасы анықталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Елге келу ережелерін бұзғаны үшін 149 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТМД елдерінің сегіз тұрғыны үлестіру абақтысына қамалды, 40 шетелдіктің уақытша келу мерзімдері қысқартылды, іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды.

Павлодар облыстық ІІД заңсыз көші-қонға қарсы күрестің арнайы жекелеген взводының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың фактісін анықтады. Өкілетті органдардың рұқсатынсыз Өзбекстанның екі азаматын жұмысқа алған қазақстандыққа 30 айлық есептік көрсеткіш (48 540 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Осындай факті Павлодар аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлерімен де анықталды. Онда жергілікті тұрғынға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол Ресей Федерациясының 26 жасар азаматын заңсыз түрде, тиісті рұқсат қағаздарынсыз жұмысқа алған.

Соңғы жаңалықтар