08:39, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодар облысында жаңа оқу жылының басына қарай бес мектеп салынып бітеді
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ағымдағы жылы Павлодарда – екі мектеп, Ақсу қаласында, Баянауыл және Тереңкөл ауылдарында бір-бір мектеп, барлығы – бес мектеп салынады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесте осы жайт мәлім етілді. Мердігерлер аймақ басшысын, мектептердің өз мерзімінде пайдалануға берілетінін айтып, сендірді. Облыста сондай-ақ Аққу және Ертіс ауылдарында әрқайсысы 100 орындық балабақшалардың құрылыстары аяқталады. Оған қоса Павлодар мен Ақсуда 280 орындық балабақша құрылыстарын бастау, облыс орталығында 900 орындық инновациялық мектеп, Красноармейка селосында 300 оқушыға арналған кәсіптік-техникалық лицей салу жоспарланып отыр. Аймақта ауруханалар мен емханалар салу ісі де жалғасады.