Павлодар облысында жаңғыртылған энергия блогы іске қосылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ Ақсу ЖЭС-ында қуаты 300 МВт болатын №4 энергия блогын күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін салтанатты түрде іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
None
None

«Жұмыс рекордтық қысқа мерзімде - үш айда жүргізілді, - деп атап өтті «ЕЭК» АҚ ЭС директордың күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары Рүстем Ахметов. - Міндеттерді орындау үшін инженерлік дайындықтың жоғары деңгейі, мердігер ұйымдардың инженерлік-техникалық құрамының, зауыттың шеф-инженерлері мен тапсырыс берушінің жұмылған жұмысы талап етілді. Блоктық трансформаторды ауыстыру энергия блогының апатсыз, үздіксіз жұмыс істеуін, тұтынушыларымыз - Қазақстанның және Еуразиялық топтардың ірі кәсіпорындарына электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді». Қазанда «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ 2015-2016 жылдары көктемгі-күзгі жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын алды. Құжат қысқы ең көп жүктеме маусымы кезінде Ақсу электр стансасы жабдықтары жұмысының сенімділігін растайды.

Соңғы жаңалықтар