Павлодар облысында жас мұғалімдер кеңесі құрылды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Павлодар облысының жас мұғалімдер кеңесі құрылды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңес құрылуының негізгі мақсаты жас ұстаздардың кәсіби, еңбек және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бойынша білім беру және кәсіподақ мекемелері арасында өзара ынтымақтастық ету болып табылады.

2013 жылғы 8 қарашада «Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі алғашқы отырысы өтті.

Отырыста 2013-2015 жылға арналған Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің жас мұғалімдерді қолдау және оларды бейімдеу бойынша бірлескен шаралар бағдарламасы, Кеңестің жоспары, құрамы мен құрылымы сияқты мәселелер қарастырылды. Кеңес құрамына Павлодар облысының қалалары мен аудандарының мектеп және колледждерінің жас мұғалімдері, білім беру мекемелері кәсіподақ комитеттерінің жас көшбасшылары, жоғары оқу орындары мен облыстық білім беру басқармасының өкілдері қатарынан 15 адам енді.

Соңғы жаңалықтар