08:25, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар облысында жасөспірімдер үшін құқықтық тақырыптарындағы Ғаламтор сабақтары басталды
ПАВЛОДАР. 10 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жасөспірімдер үшін құқықтық тақырыптарындағы Ғаламтор сабақтары қайта басталуда, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Өткен жылы олар балалар, педагогтар және ата-аналар арасында ерекше танымал болды.
Бірінші кездесу ертең Павлодардағы № 7 мектебінде «Учаске» жедел-алдын алу шарасының аясында «1.sabak.kz» сайтында on-line режімінде өтеді. ІІД-гі әкімшілік полиция және тергеу басқармаларының қызметкерлері оқушылармен және олардың ата-аналарымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында әңгіме өрбітеді.
Қатысушылардың сұрақтарына білім беру басқармасының өкілдері мен психологтар жауап береді.