08:51, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар облысында жастардың инновациялық идеяларының байқауы жарияланады
ПАВЛОДАР. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қараша айында Павлодар облысында форуммен аяқталатын жастардың инновациялық идеяларының байқауы жарияланады,

деп хабарлады аймақ басшысы Ерлан Арын өткен аптада студенттер мен мектеп оқушылары үшін өткізген интерактивтік дәрісінде.
«Бұл жастар кәсіпкерлігін ынталандыру және дамыту бойынша идеялар мен инновациялардың «start-up»-ы болады және олардың тиімді іске асырылуы үшін жас ғалымдардың Кеңесін құруға мүмкіндік береді.
Біздің дарынды жастарымыз аймақ әлеуетінің іске асырылуына белсенді атсалысуы керек. Дәл осында жас білімділердің ғылымның түрлі салаларындағы жаңа инновациялық жобаларын дайындауға қатысу мүмкіндігі бар», - деп атап өтті облыс әкімі.