Павлодар облысында жаттығу кезінде жарақат алған боксшы жөсөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық балалар ауруханасында бүгін екібастұздық боксшы бала Қуаныш Жұмабай көз жұмды.
None
None

Жасөспірім 11 мамырда республикалық чемпионатқа дайындық кезінде жаттығу жекпе-жегінде жарақат алған көрінеді. Жас боксшыға бапкерлер үлкен үміт артқан екен. Ол бірнеше рет өңірлік және республикалық турнирлерде үздіктер қатарынан көрінген.

Соққы тигеннен кейін спортшы құлап, есінен танып қалған. Осыдан кейін боксшы Екібастұздан облыстық ауруханаға жеткізіледі. Осы уақыттан бері 14 жасар спортшы ес-түссіз күйде жатқан. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, оның миына зақым келген. Жасалған операция жасөспірімнің жағдайына оңтайлы әсер ете алмады.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорт кешеніндегі оқиғаның фактісі бойынша қосымша тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар