Павлодар облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны азайып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық Білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, 2015 жылы облыс бойынша 105 үміткер бала асырап алуға ниет білдірген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

- Үміткерлерің бесеуі балаларды қамқорлыққа, 13-і патронаттық тәрбиеге алуға және 87-і асырап алуға өтініш жазған, - деді Бақыт Бексейітова.
Өкінішке орай, асырап алушылардың көбі кішкентай балаларды алғысы келеді. Бірақ тіркеуде тұрған 333 жеткіншектің 18-і ғана - мектеп жасына дейінгі балалар. Сондай-ақ, ведомство басшысы соңғы рет шетел азаматтары 2011 жылы бала асырап алғанын атап өтті.
Осылайша, үш бала «жаңа» ата-анасымен Францияға жол тартқан еді. Қазіргі уақытта олардың тұрмыстық жағдайы жақсы.
- Соңғы жылдары Павлодар облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны төмендеді, - деді Бақыт Бексейітова.
Бүгінгі күні аймағымызда бұл санатта 1761 бала тұрады. 2010 жылы олардың саны 2102 болған. Жалпы облысымызда 185 мың баланың 0,9 пайызы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.

Соңғы жаңалықтар