Павлодар облысында жоғары сынып оқушыларының жазғы еңбек отрядтары жасақталуда

ПАВЛОДАР. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында жаз айларында 39 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы еңбек жасақтарында,
None
None

мектеп жандарындағы орман шаруашылықтарында, құрылыс бригадалары мен абаттандырушы отрядтарда еңбек ететін болады, деп хабарлады білім басқармасынан.

Алты ауданның селолық кәсіптік лицейлерінде жасақталған 11 механикаландырылған отрядтарда 126 оқушы жұмыс істемек. Қалалар мен елді мекендерде аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2600 жоғары сынып оқушысы тартылуда. Ал «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша кәсіптік лицейлер мен колледждердің 400 оқушысы экологиялық отрядтарда еңбек ететін болады.

Әсіресе, тәуекел топтарындағы балаларға ерекше назар аударылуда - кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімде есепте тұратын 932 жасөспірім еңбек отрядтарында, кәсіпорындар мен профильдік лагерьлерде жаз бойы еңбек етеді және демалады.

Соңғы жаңалықтар