Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар ауданына қарасты Заңғар ауылының маңындағы тас жолда екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы «Апаттық медицина орталығы» мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовский хабарлады.

«Орталықтың құтқарушылар бригадасы 14.53-те оқиға орнына келді. Көліктердің ішінде болған үш азамат тілге келместен қайтыс болды. Ажал құшқандардың қатарында 65 жастағы ер азамат, 59 және 56 жастағы әйелдер болды. Мамандар апатта зардап шеккен үш адамға медициналық көмек көрсетті. Олардың қатарындағы екі ер азамат ауыр халде Павлодар қалалық №1 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - дейді А. Морозовский.

Соңғы жаңалықтар