Павлодар облысында Жол картасы бойынша 150 нысанда жұмыстар жүріп жатыр

ПАВЛОДАР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Жол картасы бойынша жоспарланған 167 нысанның 150-інде жөндеу жұмыстары басталды,
None
None

деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Владимир Берковский аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев өткізген әкімдіктің отырысында.

Биылғы жылы инженерлік желілерді, жолдарды, әлеуметтік нысандарды жөндеуге 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

5748 жаңа жұмыс орындары ашылды, бос орындардың 75 пайызы жұмыспен қамту қызметі жолдаған жұмыссыздармен толтырылды. Железин, Лебяжі және Успен аудандарында Жол картасы нысандары кадрлармен толық қамтамасыз етілді.

В.Берковскийдің атап өткеніндей, аймақ қалаларында жұмыс орындарының 69-73 пайызы ғана толтырылған. Адамдар еңбекке ақы төлеудің төмен болуынан (20-24 мың теңге) жұмысқа тұрғысы келмейді, өткен жылы әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарына кемінде 35 мың теңгеден төленген болатын. Мемлекеттік тапсырыс алған мердігерлер биыл өздерінің пайдасы деңгейін көтеріп жіберді.

Б.Сағынтаев бағдарламалар әкімшілеріне «Жол картасының басты міндеті - мердігерлердің табысын молайту емес, халыққа жұмыс орындарын беру, сондықтан да жағдайды түзеу керек», деп ескертті.

Соңғы жаңалықтар