07:56, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Павлодар облысында Жол картасы бойынша 47 мәдениет мекемесі жөнделіп жатыр
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының қалалары мен ауылдарында Жол картасы бойынша 47 мәдениет мекемесі жөнделіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол картасы аясында кітапханаларды, Мәдениет үйлері мен клубтарды жаңартуға 500 миллионнан астам теңге бөлінген, 750 жұмыс орны құрылған. Жұмыстардың барысы күнделікті бақылауға алынып отыр. Мәдениет басқармасында жасақталған арнайы топ атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерумен айналысады. Әр нысанда мердігер-фирманың атауы мен жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылған.
Жол картасына енгізілген алты нысандағы жөндеу жұмыстары ағымдағы шілде айында аяқталып қалады.