Павлодар облысында Жол картасының әлеуметтік нысандарын жөндеуден өткізу кесте бойынша жұмыс істеп келеді

ПАВЛОДАР. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Павлодар облысында «Жол картасы» бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу қарқынына айтар сын жоқ, тек қана аздаған кемшіліктер бар», - деп атап өтті осы аптаның басында облыстық ауруханада болған аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев. Бұл жерде екі бөлім жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
None
None

Б.Сағынтаев қайта жаңартылудан өтіп жатқан «Достык» және «Ауғандық» саябақтарында болды. Саябақта жаңа жүргінші жодары салынып, гүлдер отырғызылып жатыр.

Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша облыс орталығында 80 нысан жөндеуден өтіп жатыр, жұмыссыздар үшін 500-ге тарта вакансия ашылды. Әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша оқу курстары аяқталғаннан соң 145 адам жұмысқа орналасты.

Соңғы жаңалықтар