18:47, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Павлодар облысында жолдар ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды.

«Омбы-Майқапшағай» күре жолының учаскесінде (191-400 шақырымдар), РФ шекарасынан бастап Павлодар ауылына дейінгі учаскеде қозғалыс үшін енгізілген шектеу бүгін сағат 17:30-да алынды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының күре жолдарында қозғалыс үшін шектеулер жоқ», - деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК-нан.