Павлодар облысында жұмыс берушілермен жұмыс орындарын сақтау жөнінде 1432 меморандумдарға қол қойылды

Өңір басшысының айтуынша, өңдеу секторында өндіріс көлемі қысқарды. Сондай-ақ болат және тігіссіз құбыр өндірісі көлемі аздап төмендеді. «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС өндірісінің тоқтап қалуына байланысты машина жасау саласында өндіріс көлемі едәуір төмендеді.
Облыс кәсіпорындардағы жағдайды жергілікті деңгейде жедел шешу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы жылы барлығы 40 кәсіпорынының проблемалары бойынша шаралар қабылданды.
Жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру үшін облыстың жұмыс берушілерімен және кәсіподақтар ұйымдарымен 105 мың қызметкерді қамтитын 14321 меморандумға қол қойылды. «Соның арқасында облыстың ірі кәсіпорындарында қызметкерлерді жаппай қысқартуға жол берілген жоқ, деп атап өтті облыс әкімі. - Жылдың басында ҚР Үкіметі 2015 және 2016 жылдарда экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспарын қабылдаған болатын. Соның нәтижесінде Павлодар облысында бірқатар нақты проблемлар шешілді. Бұл 2015 жылдың соңына дейін металл сынықтарын экспортқа шығаруға тыйым салу, өнімдерді тасымалдауға теміржол тарифтеріне уақытша төмендетілген коэффициенттерді кәсіпорындарға ұсыну, ірі кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен өнімдерді жеткізуге ұзақмерзімді келісім-шарттар жасасу, «Каустик» АҚ үшін несиенің негізгі қарызын теңгемен айырбастау және басқалары. Бүгінде жеті кәсіпорын - бұл 642 адам (олардың 521-і - «ҚВК» ЖШС қызметкерлері) толық емес жұмыс режимінде жұмыс істеуде», - деді Қ.Бозымбаев.