Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» алқабында болған өртке біздің қатысымыз жоқ - «KEGOC» компаниясы

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» алқабында болған өртке «KEGOC» АҚ-ның ешбір қатысы жоқ. Еске сала кетейік, бұның алдында БАҚ беттерінде Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» алқабында шыққан өртке 500 кВ-тық ЕЭК - Рубцовск 5527 әуе желісінде болған қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғандығы жөнінде ақпарат тараған болатын.
None
None

Бүгін компания Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» алқабында болған өртке қатысты бірқатар БАҚ беттерінде жарияланған материалдарға түсінік беру мақсатында хабарлама таратты.

Бұл хабарламада айтылғанындай, «KEGOC» АҚ атына құқық қорғау органдарынан осы оқиғаға орай компания қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы ақпарат келмеген.

Ал компанияның өрт болған жердегі 500 кВ-тық ЕЭК - Рубцовск 5527 әуе желісі өтетін аймақты зерттеу барысында желіде болған қысқа тұйықталу өрттің тұтануына себеп болмағандығын айғақтады. Диспетчерлік орталықтың жедел ақпараты да соған саяды.

Дегенмен, өрт шығуының себептері туралы түкпілікті қорытындыны тәуелсіз комиссия шығармақ. Ал «KEGOC» компаниясы болса, БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатып, барлық қажетті мәліметтерді ұсынуға дайын екендіктерін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар