07:41, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысындағы Иса Байзақов ауылында жаңа мектеп ашылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысы Ертіс ауданы Иса Байзақов атындағы ауылда екіқабатты жаңа мектеп бой көтерді.

150 оқушыға арналған мектеп апатты жағдайдағы оқу корпусының орнына небәрі жарты жыл ішінде салынып біткен. Мектеп ішінде кең сыныптар, компьютерлік сыныптар, спортзал, асхана, медициналық пункт, сонымен қатар тіс дәрігерінің кабинеті орналастырылған.
«Ғимаратқа су құбыры, жылу тартылған, өрт сөндіруге қарсы су сақтайтын орын бар. Уақыт өте келе шаруашылық құрылыс саласында жылыжай мен жеміс-жидек сақтау қоймасы ашылатын болады. Мектеп айналасы абаттандырылып, балалардың ойын алаңы мен спорт алаңдары салынады», - дейді аудан әкімі Владимир Левченко.
Жаңа корпуста 20 бүлдіршін баратын шағын орталық ашылу көзделген.