Павлодар облысындағы Қ.Сәтбаев арнасына 21 жастағы жігіт батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 10 шілде күні түскі 12 шамасында Қ.Сәтбаев арнасының жағалау аймағында шомылып жүрген 21 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
None
None

Сол күні Ақтоғай ауданына жергілікті полиция мен ТЖ қызметкерлерінің жорық жүргізуі кезінде Ресей Федерациясынан келген 2003,2006 және 2009 жылы туған 3 бала құтқарылды.

Жақында 8 шілде күні Павлодар облысы, ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері Ақсу су қоймасы аймағында жүзгісі келген 13 жасар жасөспірімді ажал аузынан алып қалды.

Қазіргі уақытта дәстүрлі шомылу аймақтары Ертіс суымен толып кеткен және шомылуға жарамсыз. Бірақ, көптеген павлодарлық бұрынғы үйренген жерлеріне келуде.

Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық ТЖ қызметкерлері және жергілікті полиция 9-10 шілде күндері кезекті рейд шарасын жүргізді. Онда ата-ананың қарауынсыз шомылып жүрген 9-10 жасар балаларды ұстаған.

Құтқарушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 700 парақша таратты.

Өкінішке орай, халыққа айтылған ескертулерге қарамастан, судағы бақытсыз жағдайлар жиі орын алуда. 

Соңғы жаңалықтар