Павлодар облысындағы өрт: ер адам мен 4 жастағы қыз бала қаза тапты, оның сіңлісі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Тәулік ішінде Павлодар облысында екі өрт оқиғасы болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

Кеше Кенжекөл ауылында жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын сағат 17:51-де ауыздықталып, 20:44-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын тілі 40 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 4 жастағы қыз баланың мүрдесі анықталды, термиялық күйіктер шалған 3 жастағы қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Ақсу қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде 9 қазан күні сағат 23:18-де үшінші қабатта орналасқан пәтер өртене бастады. Өрт сағат 23:38-де ауыздықталып, 23:54-те сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД-гі өртс өндіру қызметі жеке құрамының 8 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын тілі 4 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде егде жастағы ер адамның мүрдесі анықталды.

Соңғы жаңалықтар