Павлодар облысының 10 кәсіпорны «Өнімділік-2020» бағдарламасына қатысады

ПАВЛОДАР. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысының үш жобасы  - «Формат Маш Компани» ЖШС, «Нефтехим LTD» және «Ромат» ФК «Өнімділік-2020» бағдарламасының ілкі жобалар тізіміне кірді,
None
None

 деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.

 Өңірде кәсіпорындарды аталмыш бағдарламаға тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл өз алдына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен бірге Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаларды іске асыруда тиімді құрал болмақ. Еңбек өнімділігінің есебінен экономиканың әлеуетті секторында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі артады.

 «Павлодар машина құрастыру зауыты» АҚ-ның кешенді жобасы ведомствоаралық комиссияның қаралымына жіберілді. «Каустик» АҚ өзінің жобасын іске асыруды жалғастыруда.

 Биыл облыстың 10 кәсіпорны «Өнімділік-2020» бағдарламасын іске асыруды бастамақ.

Соңғы жаңалықтар