Павлодар облысының 3 ауданында жаңа прокурорлар тағайындалды

ПАВЛОДАР. 4 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жан Оралұлы Жүсіпов Павлодар облысы Лебяжі ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарланды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
None
None

Бұған дейін ол ҚР Бас прокуратурасы тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры қызметін атқарды.

Сондай-ақ ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Май ауданының прокуроры болып Қайрат Құдайбергенұлы Бейсенов тағайындалды, ол бұған дейін Ақтоғай ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Ал Ақтоғай ауданының прокуроры болып бұған дейін Май ауданының прокуроры қызметін атқарған Амангелді Есенғалиұлы Шолымов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар