07:47, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар облысының 75 жылдығын Ақтоғай, Ертіс және Павлодар аудандарының күндері ашады
ПАВЛОДАР. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін облыс орталығында 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған Павлодар облысының 75 жылдығын мерекелеу басталады.

Оны Ақтоғай, Ертіс және Павлодар аудандарының күндері ашады, деп хабарлады мәдениет басқармасынан.
Таңертең Павлодардың базарларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ашылады, онда шаруа қожалықтары мен агрокәсіпорындар сауда жасайды.
Ал Естай атындағы Мәдениет сарайында үш аудан жетістігінің көрмесі ашылады. Мұндағы үлкен залда ауылдық көркемөнер ұжымдардың концерті өтеді.
Ауылдардың делегациялары бүгін Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарих-өлкетану, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер және көркемдік мұражайларына барады.